Алматыдағы “Ақкент” ықшамауданында тағы да өрт шықты
Алматыдағы “Ақкент” ықшамауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде тағы да өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анықталғандай, зардап шеккендер жоқ.
"Ақкент" тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 19:29-да түскен. Өрт 0,8 шаршы метр аумақты шарпыған.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 19.49-да жойылды.
"Зардап шеккендер жоқ. №2 өрт рангы расталмады", – делінген хабарламада.
Анықталғандай, сол жерде қысқа тұйықталу және түтін пайда болған.
Құтқарушылар азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда