AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Алматыда белсенділер итін сүйреген көлік жүргізушісіне шабуылдады

Алматы облысының полицейлері тас жолда жараланған итті сүйреген шетелдік көлік жүргізушісін іздестіруде. Жануарды қорлаған видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрден автомобильдің артқы ілмегіне байланған қатты ақсаңдап, әрең жүгіріп келе жатқан итті көруге болады. Сол маңдағы куәгерлер жануарға жасаған қатігездікке бейжай қарамады. Бірден ит байланған арқанды кесіп, көмектерін көрсетті.

"Үш жүк көлігі мен төрт жеңіл машина итті сүйрегендердің көлігін тоқтатып, оны босатты. Жануар қатты жарақаттаныпты. Үсті-басы қанға боялған, бірақ аман қалды. Тұқымы – Тазы. Қатты қажыған", – деп жазды видео авторы.

Әлеуметтік желілерде ролик пайда болғаннан кейін Алматы облысының полициясы итке қатігездік танытқандарды іздестіруді бастады.

"Факт әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып, Талғар аудандық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Қазіргі уақытта құқық бұзушыны анықтау және оны қатаң жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жануарлар құқығын қорғаушылар иттің алдағы тағдырына қатты алаңдаулы. Алғашқы қажетті көмек көрсетілгеннен кейін олар итке жаңа иесін іздеуді бастады.

 

Талқылау
Пікір
Усен
30 Мау, 21 жыл - 20:55

Ия машинаның номері 13 Шымкенттік оны ГАИ лар хрен табады, ол Жұмабектің бажасы. Айдан анық бадырайтып тұрып көрініп тұр номер ал біздің полицияның көзіне шел біткен оны көрмейді, ал олардың қолдары тимей жүр ғой байғұстардың кім жол ережесін бұзады деп әр көліктің көтін аңдып, оларға ондай ит сүйреткендер қызық емес оларға аварияны болдырмау, жол ережесінің күрделілігін көлік иелеріне түсіндіру деген атымен жоқ. Олар қайыршы сияқты аңдып жүргеннен басқа қоларынан түк келмейді. Осы полицияның бар болғанына болмағаны артық олар ешқандай қылмысты шеше алмайды, кейбіреуін қарасаң ішінің шыққаны соншалық буаз малдарға құсайды, олардың осындайын көргенсоң оларды қылмысты табады дегенге ешкім сенбейді  

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр