Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолдарды су басуының салдарынан автобус пен бірнеше көлік апатқа ұшырады (видео)

Алматыда жаңбырдан кейін жолдарды су басып, салдарынан автобустар жаппай жол-көлік оқиғасына ұшырады. 

Алматыда жолдарды су басуының салдарынан автобус пен бірнеше көлік апатқа ұшырады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «СТВ» арнасының «Территория проишествии» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласында нөсер жауын жауып, салдарынан кейбір көшелерді са басып қалды. 

Су басуының салдарынан Райымбек даңғылында қалааралық автобус пен төрт жеңіл көлік соқтығысты. Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бәрі шығыс бағытта қозғалып бара жатқан. Жолдың өтетін бөлігін толықтай су басқандықтан Lada Priora мен Toyota Ipsum көлігі біраз тоқтап тұрыпты. Осы уақытта олардың артынан келе жатқан қалааралық автобустың жүргізушісі қандай да бір әрекет жасап үлгермей, екі көлікке соғылған. Соққының салдарынан Toyota Ipsum шетке қарай жылжып кетіп, алдында келе жатқан Toyota Camry-ге соғылады. Өз кезегінде Camry көлігі Daewoo Nexiа-мен соқтығысқан. 

 

ЖКО салдарынан 4 адам зардап шекті. Олардың үшеуі Toyota Ipsum көлігінің жолаушысы болса, біреуі – Lada Priorа-ның жүргізушісі. Зардап шеккендер түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

Қалалық полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. 

Талқылау