Алматыда жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды: Зардап шеккендер бар
Алматыда №141 жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің өзі мен алты жолаушы зардап шеккен жол апаты 10 қазан күні сағат 18:00 шамасында болған.
"Жеке тасымалдаушы "Олжас ЛТД" ЖШС қызмет көрсететін №141 бағыттағы "Yutong" автобусын басқарған жүргізуші Кудерина көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, тұрғын үйге соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген көлік құралдарын пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”