Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалған 12 жасар жасөспірім Қызылордадан табылды

Полицейлер Алматыда жоғалған 12 жасар жасөспірімді Қызылордадан тапты. Жеткіншек үйінен қашып кеткен, ал басқа облысқа автобус арқылы жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжахан Қайырбергенованың мәліметінше, бала 18 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Ол Алматы облысы Үшбұлақ ауылындағы атасы мен әжесінің үйінен қашып шыққан.

21 желтоқсанда бала Қызылорда көшелерінің бірінен табылды. Қала полициясының іздеудегі баланың бағытын анықтаған.

"Ол ересектердің қадағалауынсыз жүрді, бұл бірден ювеналды полиция қызметкерлерінің назарын аударды.  Баланың ата-анасы хабардар және келе жатыр. Баланың қалаға автобуспен жеткені анықталды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірім үйден кету себептері және кімге барғаны туралы сөйлесуден бас тартқан. Ата-анасы келгенге дейін полицейлер баланы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Талқылау