Алматыда ірі өрт болып жатыр (видео)
Алматыда ірі өрт. Жиһаз шеберханасы жанып жатыр.
Қаланың ТЖД баспасөз қызметінің алдын-ала мәліметтері бойынша, өрт Жетісу ауданы Ратушный көшесі, 84 үйде орналасқан мекен-жайдан шықты.
Оқиға орнына ТЖ өрт сөндіру бөлімі келді.
"17 қыркүйек күні сағат 11.57-де 101-дегі пульт арқылы Жетісу ауданындағы өрт туралы хабарлама келді. Кұрылым күштері мен құрал-жабдықтар жіберілді. Өрт сөндіру бригадалары келген кезде жиһаз шеберханасы ашық отпен жалындап, жақын өндірістік цехке таралу қаупі бар екені анықталды.
Оқиға орнына 20 техникалық құрал, 60 адам жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды. Аумағы нақтыланып жатыр", - делінген ТЖД хабарламасында.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”