Алматыда жер сілкінісінен кейін үйлер мен саяжайларды жалға алуға сұраныс күрт артқан
Сарапшылар Алматыда жер сілкінісінен кейін үйлер мен саяжайларды жалға алуға сұраныс күрт артқанын айтады. Сөздерінше, сұраныстың артуы бағаға әсер етпеген. Үйлер мен саяжайларды күндік жалға алу бойынша өтініштердің саны жер сілкінісінен кейінгі тәулікте төрт есеге өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сарапшылар жер үйлерді жалға алуға деген сұраныстың артуы қысқа мерзімді болатынын айтады. Сөздерінше, жеке секторға деген қызығушылықтың себебі қарапайым, алматылықтар жер сілкінісі мен қорқынышты жаңалықтардан, жалған ақпараттардан қорқып, жер сілкінісінің афтершоктарын күту үшін жер үй жалдауды ойлауы мүмкін.
Үйлер мен саяжайларды жалға беру бағасында өзгеріс байқалмайды. Ұсыныстардың орташа құны өзгермеген.
Күнделікті жалға берілетін үйлердің ерекшелігі, олар негізінен мерекелік іс-шаралар мен кештерге арналған. Сондықтан мұндай үйлердің бағасы әрқашан жоғары, шамамен күніне 100 000 теңге.
Ал үй сатып алуға келетін болсақ, ешқандай өзгеріс жоқ. Бағалар да тұрақты екен.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан