Алматыда жер сілкінді
Қазақстан сейсмикалық станциялар желісі Алматының жанында сағат таңғы 7:13-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 95 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісін сезгені туралы мәліметтер (МЗК-64 шкаласы бойынша) жоқ. Алайда кейбір алматылықтар жер асты дүмпулерін сезінгендерін мәлімдеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV магнитудасы - 4.9.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42.73 градус және шығыс бойлықта 77.89. Тереңдігі 5 шақырым.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"