Алматыда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып, аударылып қалды
Алматыдағы Түрксіб ауданында Айша Бибі көшесінде адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, С-класты Mercedes жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кеткен.
Рульге ие бола алмай, көлік жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан әйелді қағып, содан кейін көлік газ құбырының екі тірегін бұзып, аударылып қалған. Осы уақытта солтүстік бағытта тағы бір Mercedes ML автокөлігі келе жатқан, аударылған көлік оны да соққан.
1980 жылы туған әйел қатты соққыдан бөренеге соғылып, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Екі жүргізуші де зардап шеккен жоқ.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”