Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан астам адам ұсталды
Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2159 қатысушысы ұсталды.
67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.
"Өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", – дейді Алматы қаласы комендатурасы.
Сонымен қатар комендатура тұрғындарға коменданттық сағатты бұзбауды ескертті.
Қазақстанда орынбасарлары сотталған әкімдер отставкаға кетті ме: Шолу
Қазақстан заңнамасында орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған әкім 10 күн ішінде отставкаға өтініш беруі тиіс
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты