Алматыда жалға берілетін тұрғын үй құны 30 пайызға артады деп болжануда
Алматыда жалға берілетін тұрғын үйдің құны 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. Мұндай болжам Almaty.tv эфирінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жылжымайтын мүлікті жалға беру жөніндегі сарапшы Нұрасыл Нұрғалиевтің айтуынша, бағаның өсуі оқу маусымының жақындауымен және соған орай қала сыртынан келетін студенттер ағынының көбеюіне байланысты болады.
"Қазіргі уақытта жалдау ақысы орташа есеппен 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл Абай - Байтұрсынов және Көктем ауданындағы баға. Дегенмен Наурызбай, Алатау, сондай-ақ Жетісу аудандарында жалға алу құны арзанырақ. Бізде оқу жылы жақындаған сайын тұрғын үй бағасы әрдайым шамамен 30-40 пайызға көтеріледі. Бұл – бизнес. Тұрғындар басқа қалалардан келеді. Сол үшін әрине сұраныс өте жоғары. Сол себепті де үй иелері бағаны көтеріп жібереді", - деді маман.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр