Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі бөлмелі пәтер 340 мың теңге": Алматыда жалға берілетін пәтер құны қымбаттады

Сарапшылар Алматыда пәтер жалдау бағасы орта есеппен 15 пайызға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz порталына сілтеме жасап. 

Тамыздың екінші аптасынан бастап пәтерлер бағасы айтарлықтай өскені байқалды. 9 тамыздағы жағдай бойынша, Алматыда пәтер жалдау бағасы шаршы метріне 4900 теңге болып тұр. Кейінгі айларда екі бөлмелі пәтердің бағасы 25 пайызға дейін өскен. Бір бөлмелі пәтерлер бойынша баға өсімі 7 пайыз болса, үш бөлмелі пәтерлер 14 пайызға қымбаттаған. 

Осылайша маусымда бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы орташа есеппен айына 140 000 теңге болған. Тамызда – 150 000 теңге.

  • Екі бөлмелі пәтерлер маусымда – 200 000 теңге, тамызда – 250 000 теңге,
  • Үш бөлмелі пәтерлер маусымда – 280 000 теңге, тамызда – 319 000 теңгеге дейін көтерілген. 

Ал 2015-2020 жылдары салынған тұрғын үй кешенін жалға алу құны:

  • бір бөлмелі пәтерлер – 150 000 теңге;
  • екі бөлмелі пәтерлер – 340 000 теңге;
  • үш бөлмелі пәтерлер – 500 000 теңге.

Пәтер жалдау ақысы да қала аудандарына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб, Әуезов аудандарындағы бір бөлмелі пәтерлер 150 мың теңгеге дейін барады. Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 170 мың теңгеден басталды. Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб және Әуезов аудандарында екі бөлмелі пәтерлер айына 170-200 мың аралығында болады. Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында екі бөлмелі баспананың бағасы 250 мың теңгеден басталады.

Қаланың әр ауданындағы өзгерістерге келсек, Бостандық, Медеу және Жетісу аудандарында екі бөлмелі пәтерлердің, Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарында үш бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы айтарлықтай өскен.

Талқылау