Алматыда заңсыз салынған мейрамхана сүрілді
Алматыда сот шешімімен ірі мейрамхана сүрілді. Ғимарат заңсыз салынған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Қалалық әкімдік ақпаратына сүйенсек, мейрамхана Наурызбай ауданы Ақжар ықшам ауданында орналасқан. Меншік иесі еш рұқсат қағазсыз ғимарат құрылысын бастапты. Бірақ әкімдік қызметкерлері оған алдын ала ескерту жасаған. Ақырында сот шешімімен қиратуға тура келді.
“Меншік иесі ұсыным талаптарын орындамады және басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берді. Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды”, - делінген ақпаратта.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Сонымен қатар қала әкімдігі дәл осы Наурызбай ауданындағы Ақжарда 68 мейрамхананың рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқанын анықтаған .
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады
