Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұлттық университет аумағындағы субұрқақтың жанында жігіт қаза тапты

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқақта шомылуға бел буған жігіт көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлердің айтуынша, жігіт субұрқақтың жанында тұрған. Сосын кенет құлаған. Қайғылы оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, марқұм ҰБТ тапсырған 17 жастағы жасөспірім.

Ал университеттің мәліметінше, қаза болған жігіт аталған оқу орнының студенті емес.

"Өлімнің алдын ала себебі – жүректің тоқтауы. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.



Айта кетейік, бұған дейін 21 жастағы Алматы тұрғыны ҚазҰУ университетінің студенттерін ақылы бөлімнен ректордың грантына ақылы түрде ауыстырамын деп алдап кеткені туралы жазған едік.

Талқылау