ҚазҰУ студенттеріне ректорлық грант уәде еткен алаяқ төрт адамды 7 миллион теңгеге алдап кеткен
21 жастағы Алматы тұрғыны ҚазҰУ университетінің студенттерін ақылы бөлімнен ректордың грантына ақылы түрде ауыстырамын деп алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kaznu.kz
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың ақпан айына дейін ол төрт адамды алдап, алаяқтықпен жеті миллион теңгеден астам табыс тапқан.
“Ол жәбірленушіден алған ақшаны қалауынша жұмсаған”, – деді сот.
Сотталушы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылды. Ол екі тараптың келісімге келуіне байланысты, сондай-ақ материалдық шығынды толық өтегеннен кейін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
- Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетіне шақырту алған
Сот оған жәбірленушілерге өтемақы қорына 36 920 теңге мәжбүрлі төлем өндіруді міндеттеді.
Бұған дейін Қазақстандық білім алушы грантты өтеуді талап ету жүйесін сынаған еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан