Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әкесі үш айлық қызын зорлаған: Полиция қылмыстық істі тоқтатты, ал сәбидің анасын ата-ана құқығынан айырған жоқ

Алматылық ерікті, “Adil” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова былтыр үш айлық сәбидің зорлыққа ұшырағанын хабарлаған еді. Арада біршама уақыттан соң әйел сәбиді асырап алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс шешімсіз қалғанын айтып қынжылады. Оксана қызы Дашаның жағдайы туралы Время газетіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Instagram.com

Оксананың Дашадан басқа бес туған баласы бар. Ең кішісін Дашаны асырап алған соң босанған.

Қазір қорлық көрген сәбидің жасы екі жарымнан асқан. Қазақша аздап сөйлей алады, “Кім сені туды?” деген сұраққа “мама” деп жауап береді. 

Ол өзінің туған анасын білмейді, Оксананы анам деп таниды. Жақында Дашаның жүрегіне ота жасалған. Енді тағы біреуін жасау жоспарлануда. Отаның шығынын да қазіргі ата-аналары көтерген. Оны жасамасқа болмайтын еді, себебі өлім қауіпі бар еді дейді сәбидің қазіргі анасы Оксана. Ал қыздың биологиялық анасы сәбидің отасына және наркоз қолдану үшін рұқсат беруге сыйақы сұраған көрінеді. 



Дашаның ота жасауға салмағы өте аз болған. Сондықтан бір жарым жастағы қызға құйрық май сорғызып қостырдық деп отыр анасы. Қыздың алғашқы туған күні де ауруханада өткен. Оның тұсауын кардиохирург Қайрат Қуатбеков кесіпті.

Оксана Дашаны қалай кездестіргені туралы да естелігімен бөлісті. Күйеуімен бірге волонтерлік ісінің аясында азық-түлік таратып жүрген күндердің бірінде Дашаны бесік арбада көріп қалған. Қыздың ұсқыны нашар, арық, әлсіз көрінген. Ол Вера Безлюдко есімді жалғызбасты әйелдің балаларының бірі болып шыққан. 

“Сәбидің бауырларын таптық. Аналары тәуліктеп үйде болмайды екен. Ол уақытта Дашаның жасы екі айдан асқан еді”, – деп есіне алады Оксана. 

Айтуынша, анасы бірден балаларынан бас тартпайтынын, оларды асырауға шамасы жететінін айтқан. Қамқоршылық органы анасының сөзін сөйлеп, Даша мен басқа балаларға анасымен тұра беруге рұқсат еткен.

Осы жағдайды көрген Оксана Вераның Дашаны ақша сұрау үшін өзімен бірге далада алып жүретінін түсінген. Сол кезде тіпті қызда пневмония басталыпты. 

Оксана мен күйеуі Вера мен оның балаларына пәтер жалдап, оны жарты жылға төлеп берген. Жөрдек, азық-түлік, балаларға киімді де алып берген. 

“Балаларға қара дедім. Екі баласы жазу, оқу білмейді. Оларды жақын жердегі мектепке бердік. Ол болса “Менің жеке өмірім болу керек” деп маған талап қойды. Қасында бір еркек жүрген. Аты – Александр. Сонымен бірге балаларын тастап, бірнеше тәулікке жоғалып кетеді екен”, – дейді Оксана. 

Дашаның екі ағасы 10 жастағы Данил мен 11 жастағы Женя темір ыдыстарды жинап, металлоломға өткізіп, түскен ақшаға қарындастарына айран алып беріп, тамақтандырған. Оксананың сөзінше, егер қызды қайта анасына қайтармағанда мұндай жантүршігерлік жағдай болмайтын да еді. 

Дашада туа бітті жүрек ақауы болған. Сондықтан Оксана оны біршама уақыт ауруханаға қаратып жүрген. Осындай күндердің бірінше жөргегін ауыстырып жатып, құйрығындағы төмпешікті байқаған. 

“Оның жыныс мүшелерінің формасы дұрыс емес еді. Жуындырайын десем, қыз жылай бастайды. Оның жағдайы сұмдық болды: жаралар, қызыл дақтар мен қатып қалған нәжіс.. Геморрой ма, жоқ па білу үшін проктологтың кабинетіне жүгірдім. Ол маған бұл зорлауға ұқсап тұрғанын айтты”, – деп еске алады ол.

Оксана Түрксіб полиция бөліміне арыз жазуға барған, алайда заң бойынша қыздың туысы болмағандықтан қолынан ештеңе келмейтін еді. Осылайша анасы Вераны бөлімшеге алып келген.

“Вера болса, азаматтық некеде тұратын жолдасы мас күйде істеген шығар деп мәлімдеген. Бұл үшін оны кінәлі санамайтындай көрінді. “Мен оны жақсы көремін. Қалай оны соттаймын?” деді. Бірақ біз оның үстінен арыз жазуға көндірдік, әйтпесе ол да қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп ескерттік”, – дейді ерікті әйел.

Оксананың сөзінше, анальді зорлықтың болып-болмағанын растау үшін баланы тексеру анестезиясыз жүргізілген.

“Ұшында камерасы бар түтікті кіргізеді. Даша қатты айқайлады. Қасында тергеуші болды. Проктолог гемморой емес екенін анықтады. Жаралар барын растады, олардың пайда болуы да әртүрлі уақытқа сәйкес келген. Сондықтан бұл бірнеше рет болған деген болжам айтылды. Бірақ біз алғашқы сараптаманы қолға ала алмадық, себебі ол уақытта жәбірленуші тарап емес едік”, – дейді Оксана Маралова.

Үш аптадан кейін тергеуші Мараловтарға прокуратураның екінші сараптама жүргізуді талап етіп отырғанын хабарлаған.

Оксана ашуланып, баланы қинағысы келмеген.

“Сарапшылардың пікірінше, қорқынышты жарақаттар саусақпен келтірілгені анықталды. Баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер маған: "Даша ешқашан ана болмайды" деді. Ал олар маған мынандай қорытындыны көрсетеді. Оңаша сөйлескенде дәрігер бізге былай деді: "Мен жақында зейнеткерлікке шығамын. Мені түсініңіз” деді”, – деп есіне алады ол.

Ерікті әйел қазір полициядан қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығаруын сұрап отыр. Осылай ол қаулыға апелляциялық шағым бере алады. Алайда полцияда істің Қаңтар оқиғасына байланысты жоғалғанын айтқан. Ал Вера болса Даша мен екі баласы үшін жәрдемақы алып жүр, оны ата-ана құқығынан айырмаған.

Қазір Оксана Дашаны жүрегіне екінші ота жасауға дайындап жатыр. Ол үшін қызға тағы да салмақ жинау керек. Анестезия арқылы ол кардиолог пен проктолог жасайтын оталарды бір уақытта жүргізуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда үш айлық қыз өз әкесінен зорлық көргені хабарланған еді. Оқиғаның басы 2020 жылдың жаз айынан бастау алған.

Талқылау