Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістаннан келген екі студентті ағыс алып кеткен: Ақсудағы қайғылы оқиғаның видеосы пайда болды

Шымкентте үндістандық екі студент суға батып кеткен. Желіде қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын Ақсу шатқалында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

студент

Шымкенттегі медицина академиясының шетелдік студенттері ән салып, билеп жүрген видео тараған. Кадрда бір топ жас жігіттің Ақсу шатқалындағы өзен жағасында көңіл көтеріп жатқаны көрінеді.

Ән салып, билеп жүрген студенттер достарының бірін қатты ағыстың алып кеткенін байқамай да қалған. Жас жігіт қарсылық көрсетуге тырысқанымен, ағыс студентті алып кеткен. Суға батып бара жатқан адамды байқаған достар қол ұстасып, көмектесуге тырысады. Осы жерден видео тоқтатылған.



Қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16.00 шамасында болған. Ақсу шатқалында Шымкенттегі медициналық академияда білім алған Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті. Жігіттердің жасы 20-дан сәл асқан еді. Оқиға орнына кейінірек төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді. Екі студенттің денесі әзірге табылмай отыр.

Талқылау