Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй тұрғызудың жаңа ережелері қабылданды

Бүгінгі күні Алматыда тұрғын үйлер қала құрылысы және сәулет басқармасы әзірлеген жаңа ережелер бойынша тұрғызыла бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мегаполистің бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ережелерді әзірлеудегі негізгі идея қала аумағының барлық даму жүйесін жүйелеуге аударылған. Атап айтқанда, тарихы қалыптасқан аудандарда жаңа ғимараттар салу алматылықтардың экожүйесі мен жайлылығы үшін жағымсыз салдар туғызуы мүмкін. Бұдан былай қаланы дамытуға деген көзқарас жүйелі болмақ.

Жаңа ережелер қатарында "халық тығыздығы" секілді ұғымдар кірістірілген. Мысалы үшін, мың адамға арнап үйді тұрғызушы мектептерде 180 орын және балабақшаларда 100 орын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар ғимараттар арасындағы ара қашықтық ұзарған. Бұрын ол стандарт бойынша 20 метрден аспайтын. 

"Біз енді "биік стандарт" секілді тұжырымдаманы енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда зерттеулер жүргізіліп, қолданысқа енгізуге дайындалуда үстінде. Сәйкесінше бұл қала әкімінің тиісті тапсырмасы. Біз қаланың аэрация картасын әзірлеуге кірістік, ол бізге ғимараттардың қандай формалары, қандай биіктігі желдетуге әсер ететінін көрсетуі керек, бұл негізгі экологиялық компонент болып табылады. Бірақ ең басты міндет - Алматы қаласының аумағын дамыту болып қала бермек", - деді Алматы қаласының бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов.

Талқылау