Алматыда түнгі клубтың алдында ер азамат көз жұмды
Алматыда түнгі клубтардың бірінде екі адамдардың арасында жанжал туып, нәтижесінде біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, үш азамат бірігіп, алкоголь ішкен, олардың арасында сөз келіспеушілік орын алып, арты төбелеске ұласқан.
"Жанжал барысында 29 және 28 жастағы ер азаматтар пышақ жарақаттарын алды. Олардың біреуі сол мезетте жан тапсырды", - делінген ПД хабарламасында.
Тәртіп сақшылары 35 жастағы күдікті ізін суытпай қолға түсірген.
Оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Алматы ПД-де іске асырылуда. Егер ер азаматтың кінәсң анықталса ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"