Алматыда толық локдаун қашан енгізіледі
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда толық локдаун енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігерінен блок-бекеттер орнату арқылы қаланы толық жабу мүмкіндігі туралы сұрады.
"Бүгін біздің кездесуіміз (локдаунға) жол бермеу үшін жасалды. Бүгін біз төсек-орындардың санына қараймыз, қазір олардың 50 пайыздан азы бос емес, көріп отырғандарыңыздай, төсектер жеткілікті. Бізде әлі де 4000-ға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда тарта аламыз. Біздің міндетіміз - барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау.
Тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатса, толық локдаун мәселесі қаралады", - деді Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде қаладағы карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
