Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істемейді: Алматыда карантин тағы да қатаңдатылды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде қаладағы карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда соңғы тәулікте 437 жағдай тіркелді - бұл ең жоғары көрсеткіш, біз жедел түрде қаулы қабылдадық. Егер түбегейлі шаралар қолданбасақ, онда инфекцияның таралуын тоқтата алмаймыз. Біз инфекцияның таралуындағы басты объектілерге назар аударамыз,  тіпті мектептерге де назар аудардық. Сыныптардың толымдылығын 25-тен 15-ке дейін азайттық", - деді Бекшин.

Сондай-ақ азық-түлік емес дүкендердің жұмысы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.

21-28 наурыз аралығында базарлар, СОСО және қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылады.

Бұдан өзге:

  • шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтерге тыйым салынады,
  • қонақ үйлер, демалыс базалары - толымдылығы 50 пайыздан аспайды,
  • азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады,
  • қоғамдық тамақтандыру орындары тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді,
  • қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар - жұмыс күндері кесте бойынша, демалыс және мереке күндері жұмысы шектеледі.


Бекшин бұл шектеулер эпидемиологиялық тергеулердің аналитикалық деректері негізінде енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Бекшин спорттық сауықтыру және фитнес орталықтарына тыйым салынатынын атап өтті.

"Медеуде жаппай сырғанауға тыйым салынды. "Шымбұлақ" - 500 адамға дейін, яғни келушілер 10 есеге қысқартылған. "Шымбұлақтағы" қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған. Мейрамханалар мен кафелерге - тыйым салынған. Тек алып кету және жеткізуге болады. ХҚКО қызметіне сенбі, жексенбі, мерекелер күндері - тыйым салынады, жұмыс күндері 9-дан 18-ге дейін, жазба бойынша жұмыс істейді. Бильярд, боулинг - Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтіндерді қоспағанда, тыйым салынады", - деп қосты ол.

Талқылау