Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан 2400-ден астам ұсталды
Алматыда терроризмге қарсы операция басталғаннан бері әртүрлі қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық комендатураның ақпаратына сәйкес, барлығы 79 атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.
"Лаңкестікке қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялардың, тонаудың және басқа да қылмыстардың 2 402 қатысушысы ұсталды. Өткен тәулікте "102" пультіне барлығы 586 хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады комендатурада.
Комендатураның колл-орталығына жедел әрекет етуді талап еткен азаматтардан 93 сигнал келіп түсті. Барлығы дерлік қарастырылған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"