Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелді: Қазір не белгілі (видео)

4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

сейсмолог

Фото: Stan.kz

Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) тіркелді.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 километр жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV, магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша) Алматы 5 балл”, – делінген ТЖМ хабарламасында.



Жедел ақпаратқа сәйкес Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған. 

Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды. 

“Бірінші тербеліс аяқталған соң ғимараттан шығып, халықты қабылдау пунктіне барыңыз. Тек ресми дереккөзге сеніңіз. Сирена естілген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат ұсынылады”, – деді Атығаев. 

Талқылау