Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы" ЖШС тағы да зілзала тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оңтүстік астанадағы кезекті жерасты дүмпуі бүгін Алматы уақытымен 15: 07-де болған. 

"Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда екі балл сезілді", делінген хабарламада. 

Сейсмологиялық орталық дерегінше, зілзаланың энергетикалық санаты – 11,6, MPV магнитудасы – 4,9, тереңдігі – 5 км.

Сондай-ақ қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы екі жер сілкінісін тіркеді. 

Алматыда түнде зілзала болғанын еске сала кетейік. Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл.

Жер сілкінісі 00:09-да тіркелген. Алматыда жерасты дүмпуі 4 балл болып сезілген.

Алматылықтарды әбігерге салған жерасты дүмпулері осы салада шешілмеген бірқатар мәселе бар екенін көрсетті. Оның ішінде маман жетіспейтіні анықталды. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсенбаев сейсмолог мамандығын жандандыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.


 

Талқылау