Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 миллион талап еткен: Әлеуметтік желіде "салық қызметкерінің" видеосы талқыға түсті

Полицейлер өзің салық қызметкері ретінде таныстырған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Видео авторы компанияда жұмыс істемейтін ер адамның кіріп келіп, өзін сол жердің қызметкері ретінде таныстырғанын айтты. Куәгердің сөзінше, ол бұрын Түрксіб ауданында салық қызметінің басшысы болғанын сөз еткен. Сонымен қатар күдікті Астанаға полиция департаментінің басшысымен көрісуге бара жатқанын айтып, қамқорлығы үшін 5 миллион теңге бопсалай бастаған.

Оқиға куәгері дереу полицияға хабарласып, кірістер департаменті мұндай қызметкер жоқ екенін айтқан.

Айта кетейік, оқиға Алматыдағы компаниялардың бірінің кеңсесінде болған.

"Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкермен байланысты бопсалаудың жағдайы туралы ақпараттың желіде таралуына байланысты бұл ақпараттың жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Біздің аталған оқиғаға байланысты қызметкеріміз жоқ екенін нақтылаймыз", – деп хабарлады Алматы мемлекеттік кірістер департаменті.



Алматыдағы кірістер департаменті мұндай жағдайлар болғанда одан әрі тергеу жүргізу үшін полиция департаментіне жүгінуді сұрады.

Еске салайық, Қостанай қаласының 76 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтар кесірінен 23 миллион теңгесінен айырылып қалды. Зейнеткерге әлдекім белгісіз нөмірден телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Белгісіз біреу оның есепшотында ақшасы бар екенін, алаяқтар оны ипотекаға рәсімдемек болғанын айтқан.

 

Талқылау