AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция қызметкеріміз деді": Қостанай облысында 76 жастағы зейнеткер пәтері мен 10 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қостанай қаласының 76 жастағы тұрғыны интернет-алаяқтар кесірінен 23 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап. 

Зейнеткерге әлдекім белгісіз нөмірден телефон соғып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған. Белгісіз біреу оның есепшотында ақшасы бар екенін, алаяқтар оны ипотекаға рәсімдемек болғанын айтқан.

"Олар менен ипотека рәсімдеп пе едіңіз деп сұрады, ал мен ондай нәрсені бұрын естімеген едім. Өзімнің жеке үйім тұрғанда, маған ипотека неге керек дейсіз. Бейтаныс жігіт маған банкке баруым керек екенін айтты. Мен оның сөзіне алданып, солай істедім. Онымен қоймай, маған өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған адам хабарласып, Артур есімді адам хабарласатынын ескертті. Біраз уақыттан кейін ол жігіт хабарласып, қаржы полициясында жұмыс істейтінін айтты. Содан соң ол менің депозиттегі ақшам бойынша жұмыс істейтінін, алаяқтар ақшамды алып кетпеуі үшін не істеу керек екенін айтып отыратынын ескертті", – дейді зардап шеккен әйел.

Алаяқтардың құрбаны болған зейнеткер олардың барлық нұсқауын кезең-кезеңімен орындап шыққан. Олар зейнеткерге не істеу және не айту керек екенін түсіндіріп отырған. Ол өз шотынан 10 миллион теңге көлеміндегі қаражатты алуы керек болады. Банкте әйелдің қолына 6 миллион теңге беріледі.

"Ақшаны алған соң ол жалған қызметкерге телефон соғып, ақшаның қолында екенін айтқан. Содан соң алаяқ оған ақшаны аудару үшін қайда бару қажеттігін түсіндіреді, зейнеткер бәрін сол айтқандай істейді. Келесі күні әлгі бейтаныс азамат жәбірленушіге тағы телефон соғып, банк бөлімшесіне қайта барып, қалған ақшаны да алып, терминал арқылы өзіне аударуын айтқан", - деп хабарлады криминалдық полиция.

10 миллион теңгені алып алған алаяқтар онымен тоқтап қалмай, жаңа схема ойлап тапқан. Олар енді зейнеткерге үйі сатылымға шығып кеткенін айтады. Сондықтан баспанасыз қалмас үшін еш саудаласпай тезірек үйін сатып жіберуі керек-міс. Сөйтіп зейнеткердің үйін сатып алушы да бірден табыла кетіп, 85 шаршы метрлік жеке үй 13 миллион теңгеге сатылады. Үй сатудан түскен ірі ақшаны да ол алаяқтардың шотына аударған. Ал алданып қалғанын түсінген сәтте зейнеткер полицияға хабарласады.

Қостанай облысының баспасөз қызметінде атап өтілгендей, бүгінгі таңда Қостанай облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 574 іс тіркелген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр