Алматыда Отбасы күніне арналған көрме ашылды
Алматыда Орталық мұражайда Отбасы күніне арналған бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі “Хабар 24” порталына сілтеме жасап.

Бұл дата тоғыз жыл бұрын белгіленген және жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде тойланады. Ашылу салтанатында графика, мүсін және басқа да жанрларда кескіндемелермен отбасының бейнесі көрініс тапты.
Өнерпаздар салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих, адамгершілік ұстанымдар арқылы өрнектеген отбасылық құндылықтар насихатталды. Мұны "Ана", "Ұмай. Туу", "Сәукеле", "Көшпенділер қаласы" деген атаулардан-ақ көруге болады. Барлық сюжеттер шынайы кейіпкерлермен өмірден алынған. Көрмеде студенттер мен мұғалімдердің 30-ға жуық картинасы ұсынылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған