Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 14 мамыр күні сағат 12.25 шамасында болған. "Субару" көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатып, 2010 жылы туған қызды қағып кеткен.
- 80 теңгеге бола АІІБ-де бірнеше сағат өткізген: Алматы полициясы жолақысын төлемеген жасөспірімді ұстап әкеткен
- Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: Мектепте бірқатар заң бұзушылықтар анықталды
"Оқиға салдарынан қыз бала дене жарақатын алып, медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алды", –деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр