AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 теңгеге бола АІІБ-де бірнеше сағат өткізген: Алматы полициясы жолақысын төлемеген жасөспірімді ұстап әкеткен

Алматыда жолақысын төлемегені үшін 17 жастағы жасөспірімді полиция өкілдері ұстап алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

www.facebook.com

Желі қолданушысы кішігірім түсінбестік болғанын желіде хабарлаған

“Әріптесімнің ұлы автобуста кетіп бара жатыпты, жолақысын төлемепті. Әкесіне хабарласып, ONAY-ға ақша сал деп айтқан екен. Әкесі нысанда жұмыс істейді, құрылысшы. Ол салам дегенше ұлын Бостандық АІІБ-не алып кеткен”, – деп жазды желі қолданушысы Елдос Өмірзақ.

Оның сөзінше, баланы бірнеше сағат бойы 80 теңге төлемегендіктен АІІБ-де ұстаған.

Алматы қаласы полиция департаменті өкілі Рустам Әбдірахманов мәселенің шешілгенін хабарлады.



“Расында да, полиция "102" нөміріне қоңырау шалу бойынша оқиға орнына келген. Енді баланы анасының жұмысына апара жатырмыз. Бала заңды өкіліне беріледі”, – деді ол.

Кейінірек Әбдірахманов жасөспірімнің анасына табысталғанын қосымша хабарлады.

Өзге де желі қолданушылары оқиғаға қатысты жолаушылардың өздерін де, полицияны да кінә тағып, пікір жазды.

“Сұмдық жағдай. Жолаушылардың ешбірі осы бір көріністі көре отыра, баланы қорғап, жолақысын төлей салмағаны түсініксіз”, – деді Татяна Ткаченко.

“Кез келген дамыған елде полиция қызметкері баланың жолақысын өзі төлеп, үйіне апарып, ата-анасына ұсыныс айтатын. Міне, қызметтік полицияның түрі, заң қызметкерлеріне қарапайым дағдылармен қатар психология негіздері, қарым-қатынас дағдылары мен этиканы да үйрету керек”, – деді Жанна Спунер.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр