Алматыда метро жұмысында ақау болды
Алматыда 26 қаңтарда таңертең "Райымбек" станциясында ақпараттық желі істен шығуына байланысты метро жұмысында ақау болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Метрополитен бекеттері порталынан
Осыған байланысты метродағы пойыздар қолмен басқару режиміне ауыстырылған.
"Барлық станцияда қозғалыс аралығы уақытша ұлғайтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Қазір метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді. Алаңдауға негіз жоқ", – деп хабарлады "Метрополитен Алматы" КМК.
Бұдан кейін мамандар ақауды тез арада жөндеп, пойыздардың қозғалыс аралығын қысқа мерзімде қалпына келтірген. Метрополитен өкілдері “қолайсыздықтар үшін” кешірім сұрады.
Еске салсақ, Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланғаны туралы хабарлаған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"