Алматыда мерекеде гүл сатқандар соңына толтырып қоқыс тастап кеткен (видео)
Әлеуметтік желіде гүл сатушылар тастап кеткен қоқыстың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"8 наурыз күні Domillion сауда орталығына қарама-қарсы жолда гүл сатылды. Бірақ содан кейін сатушылар бәрін, бүкіл қоқысын жинамай, тастап кетті. Олардың қоқысын кім тазалайды? Бұл не сұмдық?", - деп жазады желі қолданушылары.
Алматы қаласына арналған 2023 жылдың ораза кестесі
Бұл жағдайға Алатау ауданы әкімінің аппараты түсінік берді.
"Қаланың кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы жабайы сауда орындарын болдырмау мақсатында 2023 жылдың 6,7 және 8 наурызында Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу кезінде уақытша сауда орындарын бекітті. 9 наурызда уақытша сауда орындары тазаланып, аталған мәселелер жойылды. Басқарма алматылықтарды қоқыс тастамауға, қаланы таза ұстауға шақырады", - делінген әкімдік хабарламасында.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған