Алматыда мектеп оқушылары мен студенттер үшін шектеу шаралары жаңартылды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп оқушылары мен студенттердің білім алуына байланысты жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бекшиннің қаулысына сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек.
Мұнымен қоса, І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі