Алматыда бетперде тақпағандарға айыппұл салынып жатыр
Алматыда автобустарда бетперде тақпағаны үшін 30-ға жуық адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда ағымдағы жылдың 12 тамызында мониторинг топтары қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді.
Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамаған 27 жеке тұлғаға ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады. Барлық қала тұрғындарына нұсқаулар берілді: маска режимін сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды