Алматыда марқұмдардың коронавирустан тексерістен өткені туралы анықтама енді талап етілмейді
Алматылық ауруханаларда қайтыс болмаған азаматтар үшін коронавирусқа тапсырған тесттің анықтамасы енді талап етілмейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулыда медициналық орталықтан тыс жерлерде қайтыс болған марқұмдардың денесін зертханалық тексерістен өткізу енді міндетті емес екені айтылған.
Мәйіт табылған жерде полицейлер ғана жұмыс істейді. Олар қайтыс болған азаматтың денесінде зорлық-зомбылық белгілерін анықтауы қажет.
Бұған қоса қалалық денсаулық сақтау басқармасы станционарлардан тыс жерде табылған адамдардың денесіне оның тіркеуде болған емханадан қайтыс болғаны туралы анықтама берілуін қадағалуы керек екені айтылыпты.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда марқұмдардың туыстары мәйіттерді жерлей алмай отырғаны айтылған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған