Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен.
Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.
“Өткен жылдың қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – делінген Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді