"Алматыда күшті дауыл болып, ғимараттарға залал келтіреді": "Қазгидромет" ақпаратты түсіндірді
"Қазгидромет" Алматыда жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асатын қатты жел соғатыны туралы ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Алматыда қатты дауыл болатыны туралы хабарлама тараған. Ақпаратта желддің күші сағатына 100 шақырымға, ал жауын-шашын көлемі сағатына 50 миллиметрге жететіні айтылған. Ақпаратта жел мен жаңбыр ғимараттар мен инфрақұрылымға зиян тигізуі мүмкін екені жазылған.
"ҚазГдиромет" РМК WhatsApp мессенджері арқылы Алматыда боран болатыны туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді. Ауа райы болжамы туралы сенімді ақпарат Қазгидрометтің ресми сайтында берілген.
Еске салайық, ауа райы болжамына сәйкес, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, термометрлер 13 сәуірде республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа дейін, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін ыстық болады.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді