Алматыда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 01:10 сағаттағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді", - делінген министрлік хабарламасында.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 81 науқас тіркелді.
Бұған дейін коронавирусқа қарсы иммунитет қандай жағдайда түзілетіні туралы сөз болды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
