Алматыда коронавирус жастардың арасында кең таралуда
Алматыда коронавирус жұқтырған жастардың саны көп. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 8259 жағдайы тіркелген. Жас құрамы бойынша коронавирус 20-29 жастағы адамдар арасында көп тіркелуде. 30-39 жастағылардың арасында коронавирус жұқтырғандардың пайыздық көрсеткіші 13,1 пайызды құрап отыр. Көріп отырсыздар, ең көбі жастардың арасында тіркеліп жатыр. Қауіпті топ деп саналатын 65 жастан жоғарғы адамдар 7 пайызды құрап отыр", - дейді бас санитарлық дәрігер.
Бас санитарлық дәрігер коронавирус инфекциясын жастардың көп жұқтыруының басты себебін түсіндіріп берді.
"Аурудың таралуы жастар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамау, бетперде тақпау оған қоса көп шоғырланып жүргендіктен орын алы жатыр. Қарт адамдарға үйде отырып, ешқайда шықпауларын сұраймыз", - дейді Бекшин.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады