Алматыда көпқабатты көлік тұрақтары салынады
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көпқабатты тұрақтарды салу аулаларды босатуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аудандағы тұрақ мәселесін жергілікті тұрғын көтерген. Әйелдің сөзінше, көшелер көлікке лық толып, жүру мүмкін болмайды. Салдарынан өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктері де діттеген орынға жете алмай қалады екен. Ол әкімге көпқабатты тұрақ салуды ұсынды.
Қала басшысы жыл соңына дейін қаладағы көпқабатты тұрақтардың құрылысы бойынша бағдарламаны таныстыруды жоспарлап отырғанын айтты.
"Бұл кей аулаларды босатуға мүмкіндік береді. 2023 жылы жеке инвесторлармен жұмыс бастаймыз", – деді Ерболат Досаев.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі