Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған (видео)
Желіде көлік жүргізушісінің жанында келе жатқан көлікке оқ атқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Алматы қаласында болған. Кадрлардан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai көлігінің жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады. Қақтығыстың себептері белгісіз.
Алматы полиция департаменті видеоға қатысты мәлімдеме жасап, видеодағы жүргізушілердің ұсталғанын хабарлады.
Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті (видео)
"Бұл факті бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда күйеуі ұрып-соққан әйел жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"