AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей жазаға тартылды

Алматыда жаз басында қызметтік көлігімен абайсызда адам қағып, мерт қылған полицейді сот екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, тағы 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар сотталушы есебінен 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 29 170 теңге көлеміндегі қаражат жәбірленушілер қорына мәжбүрлі түрде өндіруді міндеттеді. Бұрынғы полицей енді жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтейтін болады.

Естеріңізге сала отырайық, биылғы жылдың 14 маусымында Алматы қаласындағы Өтемісұлы көшесінің бойымен қызметтік көлікпен келе жатқан жол патрульдік полициясының қызметкері Бақтияр Төлетай алдынан шыққан машинаға соғылмау үшін сол маңдағы көлік жуу бекетіне қарай рульді бұрып жіберген.



Соның кесірінен, көлік жуу бекетінде тұрған 50 жастағы әйелді қағып, Газель маркілі автокөлікке соғылған. Ауыр соққы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмады. Марқұм сол бекетте еден жуушы болып жұмыс істеген екен. Апатқа кінәлі полицей көз жұмған әйелдің туыстарынан оқиға абайсызда болды деп, кешірім сұраған еді.

"Сол жерде әйел адамды қағып кеттім, байқаусызда. Кінәмді толық мойындаймын. Сол кісілердің отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын. Өз кінәмді толықтай мойындаймын", – деген жол патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері Бақтияр Төлетай.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр