"Қызды арыққа лақтырып жіберген": Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды
Алматы қаласының әлеуметтік желілерінде белгісіз ер адамның қыз баланы жол бойындағы арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған. Көпшілікті дүр сілкіндірген бейнежазба көптің талқысына түсіп кеткен. Алайда кейін істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушінің арыққа лақтырған адамы қыз бала емес – мас жігіт екен. Бірақ бұл ер адамның қылығына араша бола алмайтыны анық.
"Біз арыққа лақтырған қыз бала туралы анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаев көшесінде көліктердің қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (мас күйде болуы мүмкін) видеосын жариялаған болатын. Оның күртешесіне қарағанда, бұл сол "қыз", – деп жазады Qumash telegram-арнасы.
- Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа ғимаратты бұзу сәті видео түсіп қалды
- Алматыдағы аялдамада қарияны таяқпен ұрған ер адам ұсталды
Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. Керісінше, оған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Ал оны арыққа лақтырған азаматты полиция іздестіріп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі