Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ғимараттың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

8 ақпанда Нұр-Сұлтандағы Сарайшық көшесі бойында орналасқан ғимарат толығымен бұзылған. Нысанды құлату сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер Сыртқы істер министрлігі ғимараты жағынан қатты дауыс естісеңіз, қорықпаңыз. Мұнда құрылысы ұзаққа созылған ғимаратты бұзды", - делінген әлеуметтік желіде тараған видео астында. 

Құрылысы соңына дейін жетпеген ғимаратты бұзу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталған. Бұл кезде "Astana” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінде нысанның құрылысы ұзаққа созылғанын мәлоімдеген. 

"Нысан құрылысы кезінде ережелер бұзылған. Сонымен қатар ұзақ тұрғандықтан ғимарат бүлінген. Әрі қарай қолдану қауіпті деп танылды", - деп түсіндірді "Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ баспасөз қызметінде. 

Талқылау