Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы аялдамада қарияны таяқпен ұрған ер адам ұсталды

Алматы полициясы аялдама қарияны таяқпен ұрған көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Оның Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қарияның көлігіне зақым келтіргенін айтты", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

Сондай-ақ, оқиғаның Алматы облысы аумағында болғаны белгілі болды. 

"Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысының полиция департаментіне жолданады", - деді Рустам Әбдірахманов.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қарияны таяқпен ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарағанын жазған болатынбыз. 

Талқылау