Алматыда келесі жылы 24 субұрқақ қайта жаңғыртылады
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы 24 субұрқақты реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр.

"Біз қаланың коммуналдық меншігіндегі қайта жаңғыртуды қажет ететін субұрқақтардың тізімін жасадық. Бұл Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, цирк, қалалық әкімдік, Республика алаңына қарама-қарсы, Жамбыл ескерткіші мен "Медеу" БТСК жанындағы және т.б. субұрқақтар. Бұл жоба 2024 жылы жүзеге асырылады", - деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы жайлы қалалық орта бөлімінің басшысы Ернар Бөкешов.


Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар