Алматыда қарулы адамдарды ұстау кезі видеоға түсіп қалды (видео)
Алматыда түнде полицейлер күдікті адамдар байқап, артынан қуған. Күдіктілер жаяу қашып пышақ пен "автоматқа ұқсас" затты далаға лақтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Желіде ер адамдар мен тәркіленген қаруды ұстау туралы видео пайда болды.
"Медеу ауданы аумағында күдікті көлікті тексеру барысында оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оқиға орнынан қашып кеткен. Қала бойынша "ұстап алу" жоспары енгізілді.
Қажетті көлік құралы қаланың Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылында бұғатталды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы жаяу жүгіріп қашқан. Қашып бара жатып, олар автомат пен пышақ тәрізді заттарты жан-жаққа лақтырды", - деді полиция.
Күдіктілердің бірі ұсталды деп хабарланған. Тағы екеуі іздеуде. Оларды ұстау-бұл уақыт мәселесі екеін атап өтті полиция.
Істің басқа да мән-жайлары, сондай-ақ тасталған заттардың шығу тегі мен тиесілілігі белгілі болады.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"