Алматыда қаруын қоқыс жәшігіне тығып қойған қарақшы ұсталды
Алматыда такси жүргізушісі полицияға қарақшыны анықтауға көмектесті. Әуезов ауданының полицейлері тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсене қатысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуезов ауданының полицейлері тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсене қатысқан азаматты, сонымен қатар, оның ірі қару-жарақ дүкенін тонап, одан Browning маркалы тегіс ұңғылы мылтығын 10 дана оқпен ұрлағанын анықтады. Шабуылшы мылтықты бесінші ықшамаудандағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне тығып қоюды ұйғарды.
Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының жәшіктен қару алып бара жатқанын байқап, полицияға хабарлаған.
Ұстау кезінде әскери киім киген азаматтың қаруды қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен
Алматыда шетелден келетін туристер саны азайып кеткен: Әкімдік мұны 4-5 жұлдызды қонақүйлердің аздығымен байланыстырып отыр
Алматының барлық сегіз ауданында туристерді қызықтыратын нысандар болуы керек дейді сарапшылар