Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қаланың бас санитар дәрігері брифинг барысында Алматыда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Алайда қалада карантин талаптары жеңілдетіліп жатыр. 

Вирус жұқтырғандардың қатары көбейіп жатса санитарлық талаптарға сай емес көптеген мекмелер өз жұмысын тоқтатуы мүмкін дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша алдағы уақытта карантин шараларын күшейтіп, қадағалау жұмыстары қатаң жүргізіледі. 

"Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз", - дейді Жандарбек Бекшин.

Мониторинг тобы қаладағы мекемелердің жұмысын бақылап, олардағы санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуын тексеріп жүргенін ескерткен Бекшин бірқатар мекемелерде карантин режимі әлі де сақталатынын айтты.

"Карантин шаралары сақталуы тиіс нысандар: Ашық бассейндер, жағажайлар, саябақтар мен скверлер, ойын-сауық аттракциондары, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру нысандары, шипажайлар, әдениет нысандары, ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатр, фуд-кордтар, балалар ойнайтын алаңдар", - деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр