Алматыда қантқа қатысты алыпсатарық әрекет анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, қазір нарық субъектілерінің үлесін айқындау мақсатында ірі тауар жеткізушілер атына сұрау салу жіберілген.
Монополияға қарсы талқылау қорытындысы бойынша тиісті шаралары қабылданады.
"Монополияға қарсы департамент бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5 пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде қазақстандықтардың ірі сауда орындарының бірінде қантты жаппай сатып алып жатқан видеосы тараған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"