AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар дүкендерде жаппай қантқа таласуда: Әкімдіктегілер түсінік берді (видео)

Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы ірі сауда орындарында жұрттың жаппай қант сатып алып жатқаны туралы видео тарады. Осыған байланысты Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда үш айға жететін қант қоры бар екенін мәлімдеді. Экономикалық санкцияларға байланысты Ресей билігі жарты жылға қант экспортына тыйым салған еді.

Дәл сол күні және ертесіне Қазақстанның көптеген қаласында қант ең көп сұранысқа ие өнімге айналды. Бағасы да шарықтады. Сатушылар бір адамға сатылатын тауар көлеміне шектеу енгізе бастады.

Мысалы, Көкшетауда супермаркеттердің бірінде қантқа кезекте тұрған сатып алушылар арасында төбелес шыға жаздады.

Қарағанды мен Теміртауда да дүрлігу байқалды: сатушылар қантты сөреге қоя бергені сол еді, адамдар талап әкетті. Пабликтердің бірінде қанттың бір келісі 500 теңгеге жеткені жазылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қанттың бір келісі 420 теңгеге дейін қымбаттады.

Павлодарда да кешеден бері дүрлігу байқалады. Сауда орындардың бірінде қантты 4,5 кг келіден үлестеп сатып жатыр.

"Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы қазіргі уақытта көтерме саудаға "Тараз қант зауыты" ЖШС-де өндірілген қант түсіп жатқандығын хабарлайды. Онда бүгінгі күні сату бағасы 1 келісі үшін 390 теңгені құрайды.

Сондай-ақ көтерме сауда қоймалары мен бөлшек сауда кәсіпорындарында қант пен басқа да тауарлардың жеткілікті мөлшері бар, қорларды толтыру ағымдағы режимде жүргізіледі. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ қант сатып алу жұмыстарын жүргізуде, осы аптада 100 тонна қант түсті.

Бұдан басқа, "KOKSHE-MARKET" әлеуметтік дүкендерінде бұрын сатып алынған (қалған 20 тонна) қант 1 келісі 320 теңге бағада сатылып жатыр (алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қантты бір қолға жіберу көлемі бойынша шектеу белгіленеді)", – деп түсіндірді Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.

Сонымен бірге басқарма басшылығы азаматтардан араңдатушылық хабарламаларға бой алдырмауды және дүрлікпе жасамауды сұрайды.

Сондай-ақ астаналық интернет қолданушылардан қант бағасы 510 теңгеге дейін күрт қымбаттағаны туралы мәліметтер келіп түскен болатын. Бұл деректерге Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына жауап берді. 

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N544 Заңына сәйкес, тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

Қанттың бағасын тұрақтандыру үшін айналым тетігі аясында қарыздар берілген. Мысалы, Магнум желілерінде мамыр айына дейін қанттың бір келісі 319 теңге болады, ал "Астықжан", "Вкусмарт", "Аян", "Шапағат", "Анвар", "Фермаг" дүкендерінде қазан айына дейін 320 теңге тұратын болады. Айналым тетігі бойынша қарыз алып, бағаны тұрақтандырып отырған кәсіпкерлердің сауда нүктелерінде қант бағасы көтерілмейді. Жасасқан шартта осы бағалар көрсетілген. Сондықтан тұрақтандыру қоры бағасын ұстап тұрған тауарлардың құнына сыртқы факторлар әсер етпейді", - деп жазылған түсіндірмеде.

Тұрақтандыру қоры астана бойынша қандай тауарларға, қай нүктелерде бағаны ұстап тұрғанын білу үшін мына сілтеме арқылы тізіммен танысуға болады.

"Егер сізде бағаның көтерілуіне қатысты ақпарат болса, сауда нысанын, оның мекенжайын, тауар маркасын мен бағасын көрсете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жазбаша өтінішпен, сондай-ақ мына байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 55-68- 99, 55-69-78. Сіздің өтінішіңіздің негізінде тексеріс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының монополияға қарсы департаментінің аймақтық бөлімшесіне хабарласа аласыз", –  деп жазады әкімдік мамандары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр